
Қазақстандық "Бипэк Авто" компаниясы 2015 жылы 84 мың автокөлік сатуды жоспарлап отыр.
"Біз осы жылы да өткен жылғымен тең дәрежеде сатқымыз келеді. Қазақстандағы да көлемі сондай болмақ", - деп мәлімеді компанияның бас директоры Игорь Потапов.
2014 жылы компания 83,979 мың көлік сатқан еді, 2013 жылмен салыстырғанда 3%-ға аз. Холдингтың көлік сатылымының 53,2%-ы жеңіл көліктер нарығына тиеселі. Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, сатып алушылардың 30,3%-ы таңдауларын Lada көлігіне тоқтатқан. Ал 45,234 мың қазақстандық АВТОВАЗ үлгісін таңдаған. Қорытынды есеп бойынша, Lada Granta маркасының танымалдылығы 22%-ға ұлғайғанымен, ең танымал үлгі ретінде 15,382 көлік сатылған Lada Priora танылды.
Kia көлігінен 17,709 мың, 11,763 Chevrolet, 5,573 Skoda және 7,980 мың Renault көліктері сатылды.