Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бірер жылдан соң Қазақстан өз-өзін жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді

Бірер жылдан соң Қазақстан өз-өзін жанар-жағармаймен қамтамасыз етеді

2016 жылдан кейін Қазақстан отандық бензинмен және дизельдік отынмен толықтай қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика министрі Владимир Школьник хабарлады.

Оның мәлімдеуінше, барлық отандық мұнай өңдеуші зауыттардың модернизациясы аяқталғаннан кейін республикамызда мұнай өңдеу көлемін 29,4%-ға, жылына 14,5 млн тоннадан 18 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

"Мұнай өңдеу тереңдігі айтарлықтай артады, яғни 83%-дан 90%-ға дейін, бұл ретте ең жоғары талап етілетін АИ-92 маркалы бензиннің өндірісі қазіргі 12%-дан 21%-ға дейін, ал АИ-95 және АИ-98 бензиндері бойынша 0,7%-дан 10%-ға дейін жоғарылайды", - деп түсінік берді министр.

Похожие материалы