«АгромашХолдинг» АҚ мен «СарыаркаАвтоПром» ЖШС өндіріс көлемінің азаюына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы AllurGroup компаниясынан хабарлады.
«28 желтоқсан мен 22 қаңтар аралығында жұмыс тоқтатылды. Себеп –өндіріс көлемінің азаюы, қосалқы бөлшектердің жоқтығы», - дейді компанияның баспасөз хатшысы А.Синева. Оның айтуынша, екі кәсіпорындағы 1300 жұмыскерлердің жартысынан көбі демалысқа жіберілген. «Коммерциялық құрылымдар жұмыс істеуде. Өндіріс тоқтап тұр», - дейді баспасөз хатшысы. Аталған екі компания AllurGroup құрамына кіреді. SsangYong, Peugeot, Toyota жеңіл көліктері мен Iveco жүк көліктерін шығарады. 2015 жылы кәсіпорындарда 5 949 автокөлік шығарылған.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024