Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Екі қазақстандық автоөндіруші компания жұмысын уақытша тоқтатты

Екі қазақстандық автоөндіруші компания жұмысын уақытша тоқтатты

«АгромашХолдинг» АҚ мен «СарыаркаАвтоПром» ЖШС өндіріс көлемінің азаюына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты.  Бұл туралы AllurGroup компаниясынан хабарлады.

«28 желтоқсан мен 22 қаңтар аралығында жұмыс тоқтатылды. Себеп –өндіріс көлемінің азаюы, қосалқы бөлшектердің жоқтығы», - дейді компанияның баспасөз хатшысы А.Синева. Оның айтуынша, екі кәсіпорындағы 1300 жұмыскерлердің жартысынан көбі демалысқа жіберілген. «Коммерциялық құрылымдар жұмыс істеуде. Өндіріс тоқтап тұр», - дейді баспасөз хатшысы. Аталған екі компания AllurGroup құрамына кіреді. SsangYong, Peugeot, Toyota жеңіл көліктері мен Iveco жүк көліктерін шығарады. 2015 жылы кәсіпорындарда 5 949 автокөлік шығарылған.

Похожие материалы