Астана. 11 мамыр. 7kun.kz - Келер жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмектер бағасын біркелкі болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы мақсатта арнайы заң жобасы даярланып жатыр.
"Бұған дейін біз тек мемлекеттің ақшасына сатып алынатын дәрі-дәрмектердің бағасын реттей алатынбыз. Ал жекеменшік дәріxаналардың баға саясатына араласуға құқығымыз болған жоқ. Енді, арнайы заң жобасын даярладық. Қазіргі уақытта аталған құжаттың тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Кейіннен оны қоғамдық талқылауға шығарамыз. Күзде заң жобасын Парламентке енгізуіміз керек", - деді Біртанов.
Министрдің сөзіне қарағанда, заң қабылданғаннан кейін шамамен келесі жылы дәрі-дәрмектердің шекті бағасы бекітіледі. "Сол кезде Қазақстанның барлық аймақтарында дәрілердің бағасы бірдей болады", - деп атап өтті министр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024