Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Біртанов: Келесі жылы барлық өңірде дәрі бағасы бірдей болады

Біртанов: Келесі жылы барлық өңірде дәрі бағасы бірдей болады

Астана. 11 мамыр. 7kun.kz - Келер жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмектер бағасын біркелкі болады.  Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта осы мақсатта арнайы заң жобасы даярланып жатыр.

"Бұған дейін біз тек мемлекеттің ақшасына сатып алынатын дәрі-дәрмектердің бағасын реттей алатынбыз. Ал жекеменшік дәріxаналардың баға саясатына араласуға құқығымыз болған жоқ. Енді, арнайы заң жобасын даярладық. Қазіргі уақытта аталған құжаттың тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Кейіннен оны қоғамдық талқылауға шығарамыз. Күзде заң жобасын Парламентке енгізуіміз керек", - деді Біртанов.

Министрдің сөзіне қарағанда, заң қабылданғаннан кейін шамамен келесі жылы дәрі-дәрмектердің шекті бағасы бекітіледі. "Сол кезде Қазақстанның барлық аймақтарында дәрілердің бағасы бірдей болады", - деп атап өтті министр.

Похожие материалы