Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Биыл теңге бағамы 10,4 пайызға әлсіреді

Биыл теңге бағамы 10,4 пайызға әлсіреді

Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – Жыл басынан бастап 16 қазан аралығында валюта нарығында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 366,86 теңгеге дейін 10,4%-ға әлсіреді, - деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

«Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторларға байланысты болды. Біріншіден, дамушы елдердің валюталарына қатысты АҚШ долларының нығаюы. Екінші фактор – келешекте Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдату туралы хабарлау. Осының аясында, жыл басынан бері Ресей рублінің әлсіреуі 15% болды», - деп түсіндірді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Ұлттық банкінің айырбастау бағамының шегін, дәлізін немесе басқа өлшемдерін белгілеместен өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жалғастыратынын айтты.

Похожие материалы