Бренд - барлық елде бірдей атаумен жүретін өнімдер дейміз. Бірақ, заңдылықтарды бұзып, басқаша атау беретін елдер де болады екен. Мәселен, бәрімізге Milky Way деген атпен белгілі шоколадтар АҚШ-та 3 Musketeers деп, Mars болса, Құрама штаттарда Milky Way деген атаумен тарайды.
Канаданың Квебек провинциясы өз дегенін жасататын жер. Олай дейтініміз, күллі әлем білетін KFC (Kentucky Fried Chicken) компаниясына осы елде тараларда атауын біраз өзгертуге тура келген. Ол жерде KFC өнімдері PFK (Poulet Frit Kentucky) деген атаумен сатылады. Оның француз тілінен аударғандағы мағынасы - Кентукидің қуырылған тауығы.
Burger King алғашқы мейрамханасы АҚШ-та алғаш рет 1954 жылы ашылған. Сол сәттен бері жаһан сол атаумен таниды. Бірақ, Burger King Аустралияда мейрамхана ашар кезде бір мәселе пайда болады. Анықтай келе, ол жерде Burger King атты бренд бар болып шығады. Амалсыздан, брендтің атауын өзгертуге шешім қабылдап, ақыры Hungry Jack's дегенге тоқтайды.
Unilever компаниясы 1983 жылы Францияда Axe деген марканың негізін қалайды. Бірақ, бұл жерде де жоғарыдағы мәселе туындайды. Бірнеше елдерде Ахе деген атаумен таралатын өнімдер бар болып шығады. Ұлыбритания, Ирландия, Жаңа Зеландия, Қытайда марканы тарату үшін жаңа атау ойлап табу керек болады. Егер, аталған елдерге барғанда Lynx маркасын көзіңіз шалса, Axe екенін білгейсіз.
Danone-ның туған жері - Испания мемлекеті. Негізін қалаушы - фармацевт Исаак Карассо. Бұл марканы ол ұлы Даниэлдің құрметіне атайды. Себебі, баласын еркелетіп Данон дейді екен. АҚШ-та шығар алдында бренд атауын америкалықтарға түсінікті ету мақсатымен, Dannon деп ауыстырады. Бұрынғы атауын АҚШ тұрғындары қате оқитын. Яғни, бір сөзді екіге бөліп Dan one деп айтса керек.
Dove шоколадын әлемнің барлық елдерінде кездестіруге болады. Бірақ, Мысыр, Ұлыбритания және Үндістанға барғанда шоколад іздесеңіз, Dove деп сұрамаңыз. Оның атауы -Galaxy. Иә, біз Гэлекси десе телефон деп ойлауға үйреніп кеткенбіз. Бірақ, амал нешік?!
Біз күнде көретін Coca-Cola диеталық түрін шығаратынын білесіз бе? АҚШ пен Ұлыбританияда ондай колада Diet деген жазу бар. Жарнамасында үнемі тамақ үстінде ішіп отырады емес пе? Бірақ, Қазақстанда да және өзге бірнеше елдерде тамақпен бірге байланыстырылмайтын болса, калориясы азайтылған колада light деген жазу болады. Білмей жүрсеңіз, келесіде есіңізде болады!
Procter&Gamble компаниясының иелігіндегі Mr. Clean маркасын естіген бе едіңіз? Естімедім десеңіз, айтайық - сіз оны көріп жүрсіз. Бірақ, оның біздің елдегі атауы - Mr. Proper. Италия мен Мальтада - Mastro Lindo, Польшада - Pan Proper, Германияда - Meister Proper деген атаумен белгілі. Десе де, атауы мүлдем басқаша елдер де бар екен. Біріккен Корольдікте және Ирландияда Flash деген маркамен тарайды. Қызық, иә?
Шетел нарығына шығатын сәтте фирмалар өте мұқият болулары керек. Себебі, әр елдің салты басқа. Брендіңіздің атауы бір елде басқа мәнге ие болып шығуы да ғажап емес. Неймиң барысында қателіктер жіберген бірнеше маркаларды атап өткенді де жөн көріп отырмыз:
- Мысалы, Clairol компаниясы Германияда шашты бұйралауға арналған Mist Stick атты құрал шығарады. Сөйтсе, бұл елде Mist деген сөз көң, тезек деген сөзді білдіреді екен.
- Colgate Францияда Cue атты тіс пастасын шығарған. Басшылықтың мән бермей кеткен тұсы - Францияда осындай атаумен порнографиялық журналдың шығатындығы.
- Ford да үлкен қателікке ұрынған компания деуге болады. Бразиялның нарығына Ford Pinto деген марка келеді. Рinto сөзі "еркек жыныс мүшесінің кішкентай болуы" дегенді білдіреді екен. Бразилия тұрғыны болсаңыз, сіз сол машинаны алар ма едіңіз?
- Mercedes-Benz қытай нарығына Bensi деген атаумен енеді. Аспан асты елінде ол дегеніңіз - "Өлімге асығу" дегенді білдіреді екен. Машина атауларын таңдау қиын ба, қалай өзі?
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024