Нұр-Сұлтан. 20 мамыр. 7kun.kz – Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық тыңдауда Каспий құбыр консорциумы толығымен қалпына келтірілгенін және штаттық режимде жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Алайда министрдің айтуынша, Қазақстанда мұнай экспорттайтын басқа баламалы бағыттар жоқ. Ондай бағыттардың болғаны дұрыс дегенді атап өтті.
"Бізде мұндай баламалар бар, бірақ КҚК сияқты үлкен көлемде емес. Өйткені КҚК арқылы жылына 54 миллион тонна мұнай айдалады. Аз уақытта балама табу техникалық жағынан мүмкін емес. Мұндай көлемді кеңейту үшін бізге кем дегенде үш жыл қажет. Тіпті, Қытайға баратын бағыт, ол тек 20 миллиондық. Сондықтан біз оны кеңейтуді ойлаймыз. Бірақ Қытай тарапы сонша көлемде мұнай ала ма? Ол да мәселе. Ол бағытты Қытайдан басқа ешкім тұтынбайды", – деді Ақшолақов тыңдау барысында.
Мұнайды Баку арқылы экспорттауға да болады. Бірақ бұл инфрақұрылым тұрғысынан өте ұзақ және қиын жол. "Құрық" порты арқылы мұнай құбырын тартып, Каспийдің таяз суымен өтетін танкерлерді табу керек. Ақшолақовтың айтуынша, балама бағыттар бойынша тек 16,5 млн тонна мұнай жіберуге болады. 54 млн тонна жіберу еш мүмкін емес.
Сондай-ақ, министрлік Қазақстан аумағынан автокөліктер арқылы мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салуды алдағы алты айға дейін ұзартқысы келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024