Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бизнес орталықтар жалға беруді ұлттық валютаға ауыстырмақ

Бизнес орталықтар жалға беруді ұлттық валютаға ауыстырмақ

 Алматы қаласының бизнес орталықтары жалға беруді ұлттық валюта арқылы жүзеге асырмақ. Бұл туралы Central Asia Fashion XVI халықаралық сән көрмесінің бизнес-сессиясында Scot Holland сарапшысы Петер Горанов хабарлады.  

Сарапшының сөзіне қарағанда, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы алдағы уақытта жалға беруді  теңгемен белгілейді. Оған негізгі 3 себепті атап көрсетуге болады. «Біріншіден, Ресей бұл қадамды жасап қойды. Рубль құлдырағанға дейін Ресей валютасы үлкен масштабқа ие еді. 1 доллар 31 рубль болған кезде Ресей ғимараттыраының ш/м аумағы 800 рубль болды. Қазірде доллар өскенмен, олардың бағалары сол күйінде қалған. Әрине, орталық иелері үшін бұл аздап тиімсіз. Дегенмен, долларға өтетін  үй-жай босқа қаңырап тұрғанша жалға беріліп, теңге айналымға түскен дұрыс. Орталықта не де болса шығын болады», - деді сарапшы. «Екіншіден, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы уақытта экономиканы долларсыздандыруды жиі айтып келеді. Бұл саясат алға жылжып жатыр деуге болады. Ерте ме кеш пе жалға беру ұлттық валютамен белгіленеді», - деген пікір айтты П.Горанов. Сарапшы үшінші себеп ретінде кейбір мекеме иелері бұл шешімді қабылдап қойғанын жеткізді. «Мысалы өткен аптада «Нұрлы Тау» БО 2 мың ш/м аймағын жалға берді. Осынша аумақ бос қалмас үшін ғимарат иесі жалдау бағасын теңге курсы бойынша 220 теңгеге белгіледі. Келісім-шарттқа қол қойылды, жалға алушы келесі аптада келеді», - деп түйіндеді сарапшы.

Похожие материалы