Бизнестегі ең танымал кредит құралы - қысқа мерзімді кредиттеу және мемлекеттік бағдарлама. Жыл қорытындысы бойынша, заңды тұлғалардың несие алуы аздап өскенімен, осы жылы 2016 жылғы деңгейде қалады деген болжам бар.
Бірінші Кредитті Бюроның мәліметі бойынша, 2016 жылдың соңында кредиттік белсенділіктің индексі 25 пунктіні құраған. Бизнес-кредит портфелі 1,2 трлн теңгеден 15,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. "Бизнес-кредиттің өсуін 2016 жылдың алғашқы жартысында жеке саудаға көңіл бөлмеуімен түсіндіруге болады. Көпшілік банктер үшін бизнес-кредиттеу - пайыздан түсетін негізгі табыс. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, бұл сегменттегі келісім 11 мыңға артқан",- деді Бірінші Кредитті Бюроның директоры Руслан Омаров.
Танымал кредиттік құрал
Standard & Poor’s сарапшысы Аннет Эсстің сөзінше, 2016 жылғы бизнес-кредиттеу мемлекеттік бағдарламалар есебінен жүзеге асқан. Олар банктер үшін қауіпсіз және қарыз алушылар үшін де шарттары ыңғайлы.
"2016 жылдың басында банк секторына өтімділік жеткен жоқ. Осының салдары көпшілік банктерге 2016 жылдың ортасына дейін, ал кейбіреуіне жылдың соңына дейін әсерін тигізді", - деп хабарлайды Альфа-банктен. Нәтижесінде, өткен жылдың алғашқы жартысында кредиттеу негізінен мемлекеттік бағдарлама есебінен жүзеге асырылды. Жағдай қалпына келгеннен бастап банк кредиттеуді қайта бастады. Бірақ тек қысқа мерзімге ғана, себебі ұлттық валютаның құны ұзақ мерзімді өтімділік үшін әлі дайын емес еді.
ВТБ банкі мамандарының сөзінше, қаржы институты барлық бағытта жұмыс істеуге тырысқан. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыру да бар.
Ал Халық банктің мәліметінше, кредит портфелінің негізгі өсіміне банктің жеке қаржы құралдары ықпал еткен. Олар 2016 жылы берілген жалпы кредит үлесінің 76%-ын құрайды. Кредиттеудің басқа бөлімін кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар құрайды. Олардың қатарында "Қызмет көрсету және өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау", "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру" және "Жол картасы - 2020" Бірыңғай бағдарламасы бойынша субсидиялау және кепілдендіру бағдарламаларын атап өтуге болады.
2016 жылғы кредиттеу қалай болды?
Банк клиенттері арасындағы ең танымал кредиттендіру құралы - айналымдағы капиталды толтыру. "Кредиттендірудің бұл түрі ұзақ уақыттан бері ең сұранысқа ие құрал деп танылады. Қысқамерзімді уақыт үшін де оны бизнеске импульс берудің негізгі драйвері деп атауға болады", - дейді ВТБ банктің баспасөз қызметінен.
"Ұзақ мерзімді қорландыру болмағандықтан, тек қысқа мерзімді кредит ұсына аламыз. Сондықтан негізгі өнім айналым капиталын толтыру деген кредит түрі болды", - деп атап өтеді Альфа-банктен. Бұдан бөлек банктің факторинг және сауда қаржыландыру деген өнімдері танымал.
Халық банкінде 2016 жылы берілген кредиттер үлесі төмендегідей: айналым капиталын толтыру - 77%, инвестиция - 15%, қаржыландыру және басқалар - 8%. Тиісінше, өткен жылдағы ең танымал кредиттендіру түрі - айналым капиталын толтыру.
2017 жылға болжамдар
Жалпы алғанда 2017 жылы да кредиттеу жағдайы бұрынғыдай болады. Банк сарапшылар да осындай пікірде. "Біз 2017 жылы өткен жылы танымал болған трендтер қалады деп күтеміз", - дейді Standard & Poor’s сарапшысы Аннет Эсс.
2017 жылы ВТБ банкінің жоспарындағы негізгі мақсат - орта бизнес сегментіндегі клиенттік базаны дамыту. Бұл мақсатқа жету үшін банктің бизнес-моделін жетілдіру керек.
Альфа-банк қысқа мерзімді қаржыландыру мен мемлекеттік бағдарламаларды басты назарға алады. "Ұзақ мерзімді қорландырудың болуына байланысты банктер инвестиция үшін де кредит ұсынады, бірақ олардың үлесі мардымсыз ғана. Дегенмен біз 2017 жылы кредиттеу нарығы қалпына келіп, банк секторындағы кредит 10-15% деп болжап отырмыз", - дейді банктен.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы ЖІӨ өсімі 2 пайызға дейін көбеюі қажет. Тиісінше, шағын және орта бизнес секторы да жанданады деп айтуға болады деген пікірде мамандар. Бірақ бұл болжамға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар да табылуы мүмкін.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024