Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

BMW Ресейде зауыт салуды белгісіз уақытқа кері шегеріп қойды

BMW Ресейде зауыт салуды белгісіз уақытқа кері шегеріп қойды

Германиялық автоөндіруші концерн BMW Ресейде зауыт салу туралы шешімін белгісіз уақытқа кері шегеріп қойды. Бұл туралы концерннің басшысы Норберт Райтхоферге сілтеме жасап Reuters хабарлайды.

Мұндай шешімге ресей нарығындағы жағымсыз жағдайдан елдегі BMW сатылымы 40 пайызға дейін төмендеп кетуі себеп болған. "Ресей біздік компаниядан тәуекелге баруды қажет етіп отыр. Алдағы уақытта қалай болатынын әлі ойланып жатырмыз", - деді Норберт Райтхофер. "Ресейлік автомобиль нарығындағы жағдай күрделі болып қалуы да мүмкін",-деп атап өтті топ-менеджер. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Ресейдегі ВMW сатылымы 16,9 пайыз немесе 37,3 мың көлікке дейін төмендеп кетті. Рубль девальвациясына байланысты автоөндірушіге Ресейдегі өнімдерінің бағасын бірнеше рет көтеруге тура келген. Қазіргі уақытта BMW маркалы көліктер Ресейдің Калининград облысындағы "Автотор" кәсіпорнында шығарылады. Осы компания Калиниградта неміс концернінің бірінші зауытын салуды жоспарлаған еді. Инвестиция көлемі 1,5 млрд еуро деп бағаланды. "Автотордың" үлесі 50 пайызды құрады.  

Похожие материалы