Кәсіпкерлікпен айналысқысы келген халықаралық "Болашақ" бағдарламасының түлектері "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингіне бара алады. Бұл туралы Астанада өткен жас мамандар форумында білім министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
"Егер түлек кәсіпкер болып, өзін бизнеске арнағысы келсе, мемлекет үлкен қолдау көрсетеді. Бұл жерде "Бәйтерек" холдингінің басқарма басшысы Қуандық Бешімбаев отыр, осы кісіге өтініш жасап, бизнес-идеяларыңызға жан-жақты қолдау ала аласыздар", - деп атап өтті министр.
"Бәйтерек" холдингінің басқарма басшысы Қуандық Бешімбаев жас кәсіпкерлер үшін мемлекет барлық жағдай жасайтындығын атап өтті. "Даму" қорына өтініш жасап, кәсіпкер ретінде қолдау тауып, өз бизнесін ашуға болады. Форумда сіздер өзіне жауапкершілік алып, табысты бизнес құрған жас кәсіпкерлерді көре аласыздар. Бүгінде олар 300 адамнан асатын жұмыс орнын құрып, инновациялы экономикамен айналысып жатыр. Бізде кәсіпкерлік үшін барлық мүмкіндіктер бар", - деп атап өтті ол.
Қ.Бешімбаев өз компаниясы мен кәсібін ашқан бірнеше "Болашақ" түлегін атап өтті. "Осындай мысалдар көп. Біз болашақтықтар ұлттық компания мен мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер ғана емес деп ойлаймыз. Болашақтықтар бүгінде барлық салаға келді. Мемлекет басшысының ұсынысы жұмыс істеп жатыр. Бағдарлама түлектері жңа жұмыс орындарын ашып, барлық саладағы жаңашылдықтың ұйытқысы болып отыр", - деп қорытындылады ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024