Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Болат Назарбаев украиналық Еуробанктің акцияларын сатып алады

Болат Назарбаев украиналық Еуробанктің акцияларын сатып алады

Қазақстандық бизнесмен Болат Назарбаев украиналық Еуробанктің 50% акциясын сатып алуды жоспарлауда, деп хабарлайды nb.kz.

Украинаның қор нарығы және құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Болат Назарбаев кредиттік ұйымның 63,335 млн акциясын сатып алмақ. Бұл банкте тіркелген жарғы капиталының 50%-ын құрайды.

Дегенмен бұл ресми ақпарат емес.  Тек банк акциясын сатып алушылар тізімінде көрсетілген бизнесменнің аты-жөні Болат Назарбаевтың есімімен сәйкес келеді. Ал бұған қатысты Болат Назарбаевтан ресми мәлімдеме алу мүмкін болмаған.

Қазіргі таңда Еуробанктің иесі - украиналық банкир Александр Адарич. 2016 жылдың наурыз айында ол Еуробанк пен Фидобанкті біріктіріп, банк активтерін нығайту жөніндегі жоспары туралы мәлімдеген.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қазақстандық RBK банктің 7,83% акциясының иесі болған. Алайда 2016 жылдың сәуір айында ол банк акционерлерінің қатарында болған жоқ.

Похожие материалы