Brent маркалы мұнай бағамдары бес күн төмендеп келіп, сәрсенбі күні Сауд Араб елінің әлемдегі отынға деген сұраныстың жоғарылауы туралы мәлімдемелерінің нәтижесінде қымбаттады, ал WTI-де АҚШ-тағы қорлар туралы мәліметтерді күту жағдайында мұнай аздап арзандауда деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Brent мұнайының сәуірлік фьючерстері ICE Futures Лондон биржасында 21:00 АСТ $0,51 (0,87%)-ға, барреліне $59,17 дейін қымбаттады.
Осы уақытта сәуір айына арналған WTI мүнайының бағамдары Нью-йорк тауар биржасының (NYMEX) сатылымдарында $0,07 (0,14%)-ға, барреліне $49,21 дейін төмендеді.
Сейсенбі күні Сауда Арабияның мұнай министрі Әли ән-Нуайми әлемде мұнай бағсы өсіп, нарық қатысушылары байыпты деп мәлімдеді.
"Министр нарық не естігісі келді, соны айтты. Алайда инвесторлар қорлар туралы ақпаратты күтіп отыр", - деп түсінік берді Mizuho Securities фьючерстер бөлімінің бастығы Боб Ягер.