Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Британдық трейдер журналистерден алған ақпараттың арқасында Кәсіби брокерлерден озды

Британдық трейдер журналистерден алған ақпараттың арқасында Кәсіби брокерлерден озды

«Теңдесіз ойыншы» (Mad Punter) аталып кеткен британдық трейдер Ирадж Парвизи инсайдерлік сауда ісі бойынша өткен сотта Financial Times пен Daily Mail журналистерінің «көмегімен» қор нарығындағы жағдайларды алдын-ала болжап, басқалардан озып отырғанын айтты. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Соттағы тыңдау кезінде 50 жастағы экс-трейдер оның ең табысты стратегиясы британдық газеттермен байланысты болғанын, ол басылымдардағы таныстарына хабарласып, қазір қандай тақырыппен жұмыс істеп жатқанын біліп отырғанын айтты.

«Бұл былай жүзеге асты, маған да, оларға да ақпарат керек. Егер бүгін мен акция сатып алсам, ертең ол туралы Mail жазады, акциялар 2-5%-ға өсуі мүмкін»,- деді Парвизи. Яғни ол журналистермен әңгімелесу барысында қойған сұрақтарына қарап олардың не туралы жазғысы келетінін біліп, сол саланың акциясын сатып алуға талпынған. Ертесі әлгі тақырыпқа шыққан материалдан кейін бұл сатып алған акциялар бірден өсіп отырған.

Айта кетейік, британдық Қор нарығындағы ережелерді сақтауды бақылау жөніндегі басқарма Парвизи мен тағы төрт трейдердің үстінен шығым түсірген еді. Қазіргі кезде бұл іс бойынша сот процессі жүруде. «Журналистермен әңгімелесу арқылы әрқашан ақпарат алуға болады. Мен журналистердің «көмегімен» акциялардың патшасына айналдым. 2000 жылы менің активтерім 50-70 млнфунт стерлингке ($70-98 млн) жетті», - дейді ол.

«Теңдессіз ойыншы» деген атақ оған кез-келген нәрсені сатуға дайындығы үшін берілген. Ұлыбританияда инсайдерлік сауда үшін 7 жылға дейін сотқа тартылады.

Похожие материалы