Нарық экономикасына көшу кезінде бухгалтерлік есеп (БЕ) барлық шаруашылық есебінің басты негізгі бөліктерінің бірі болып есептелінеді. Қандай да болмасын кәсіпорындар, ірілі-уақты шаруашылықтар мен мекемелер, ұйымдар, өнім өндіруші орындардың барлығы да БЕ жұмысын жүргізуге міндетті. Шарашылықтар мен мекемелер, мүліктер мен қаражаттар, қаржылар мен қорлар, өнімдер мен өндірілген өнімдердісату, өткізу процестері болған кезде БЕ жұмысын жүргізу негізгі экономикалық мәселелердің бастысы болып табылады. БЕ арқылы өндірілген өнімдерді есепке алу, бұлардысату, өткізу және айырбастау, түскен қаржыны кіріске алу, бұларды дұрыс бөліп, тиімді пайдалану, шаруашылық жұмыстарының барлығын әуел бастан ең соңына дейін жүргізуге, нақтылы іске асыруға болады. Осы айтылғандардың барлығы бірдей есепке алынуы БЕ тән сипат және басты шарт, міндетті түрде орындалуға тиісті экономикалық талап болып есептелінеді.
Бұл мақсаттарды нақтылы жолдармен өз мәнінде жүргізу, оны жүзеге асыру үшін БЕ ең әуелі бақылау міндетін іске асыруы тиіс. Содан соң шаруашылық жұмыстарды технологиялық өнім өндіру процесінде қажетті шаруашылық операцияларды жұмсалынған шығындар мен қаржыларды бірегейлеп өлшеуді немесе өлшем жүйесіне келтіруді іске асырады немесе сандық өлшемге айналдырады. Шаруашылық операцияларын бірегейлі сандық өлшемге келтірудің өз орны және өзгешелігі болады. Сандық өлшем көрсеткіштеріне зер салып қарау мен талдап қарау әрбір нақтылы фактілерді әрі қарай зерттеумен байланысты. Мұның өзі әрбір кәсіпорын жұмысында дұыс басшылық жасау үшін шаруашылық операцияларын реттеп тиімді жолдармен жүргізу бағытында аса қажетті көрсеткіштер жүйесін құрайды. Мысалға: кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының саны, еңбек шығындарының есебі т.б. нақтылы фактілерді сипаттап, арнайы шешім қабылдауға қажет. Шаруашылық процестерін ғылыми және практикалық әдістермен зерттеуге сай экономикалық және технологиялық операциялардың барлығын дер кезінде тіркеп отыру, жоғарыда айтылған бақылау міндетінен кейінгі БЕ тән басты шарт. Сонымен бақылау және тіркеу әдістерінің жиынтығы бірімен бірге тығыз байланысқан, бірінің мазмұны бірі толықтырылып отырған жағдайда субъектінің жұмысын дұрыс басқару, тексеру және талдау жұмыстарын экономикалық және ғылыми-технологиялық тиімді әдістермен жүзеге асыруға болады. Жоғарыда айтылған негіздерге сүйене отырып, БЕ субъектілердің шаруашылық процестерін ең әуелі бақылап, орындалған жұмыстар мен өндірілген өнімдерді, жұмсалған материалдар мен шикізаттарды, қаржылар мен қаражаттарды сандық өлшемге келтіреді, бұдан соң барлық процестерді арнаулы құжаттарға қарай реттеп, тіркеу жұмыстарымен аяқталады да оларды стандартқа сай жүргізіледі. Қандай да болмасын шаруашылыққа қажетті есеп белгілі бір экономикалық кезеңдерге сай дамиды. Яғни, шаруашылық есеп материалды, өндірісті, өндіріс әдістерін, экономикалық бостандық жағдайын, нарық экономикасының дәрежесін т.с.с. сипаттап, талдап, белгілі бір шешім қабылдаудың басты мақсаттарын жүзеге асырушы, өз орыны, өз орыны, өз әдісі бар экономикалық пән. Шаруашылық есептің қоғамдық өмірде алатын орны зор.
Қоғамдық өмірдің тарихи дамуы мен қоршаған ортаның өзгеруіне қарай БЕ маңызы мен мақсаты да өзгеріп отырады. БЕ адамдар арасындағы қоғамдық экономикалық қатынастарды белгілі бір материалды өмір жағдайына сай көрсете біледі. Сондықтан да шаруашылық жағдайында кездесетін құбылысты тек қана бақылап қоймай, бұлардың терең мәнін белгілі бір қоғамдық құбылысқа қарай зерттеген жөн. Бақылаған шаруашылық құбылыстарды сипаттау және суреттеп зерттеу арнайы басқарып, шешім қабылдау үшін белгілі бір есеп көрсеткіштеріне жүргізу қажет. БЕ алғы шарты материалдық өндірістің теориялық негізгі зерттеуге байланысты. Қандай да болмасын есеп көрсеткіштерін, оның цифрларын экономикалық маңызды мәселелрден қараған жөн. Осыған орай, сеп жөніндегі қажеттілік атам заманда пайда болғандығын дәлелдейді. Әуелде адам өз еңбегі өнімдерінің ең қарпайым есебін жүргізді. Қоғамның дамуына байланысты есепке қойылатын талапта артты. Әрбір қоғамдық құбылыс жағдайында есептің мазмұны мақсаты және міндеті өзгеріп отырған.
Сондықтан әрбір қоғам тұтынбай, сондай-ақ өнім өндірмей тұра алмайды. Материалды өнім өндіру бүтіндей процесте тұрады. Бұл процестің толық мағынасын түсіру үшін төмендей үш заңдылықты білген жөн:
- адамның пайдалы еңбегі;
- еңбек құралдары;
- қажетті шикізаттар мен материалдар.
Мұның ішінде ең басты тұлға адам еңбегі. Адам еңбек құралдары арқылы қажетті шикізатпен өнім материалдарын толық пайдаланып, дайын өнімдерді өндірілді. Дайын өнім тұтыну үшін қажет, сондай-ақ үстеме өнімдер де өндіріледі. Сөйтіп өндірілген өнімдер айналымға түседі. Яғни, өндірілген өнімнің бастапқы орнынан бастап, тұтыну орнына дейін жеткізіліп пайдалануын өнім айналымы дейміз.
Өндірілген өнімдер тек қана бір бағытпен пайдалана бермейді. Өнімнің бір бөлігі материалдық шығындарды жабуға еңбек ақы төлеуге, қаржының қорлануына қарай бөлінеді. Бұл процестердің барлығы белгілі экономикалық заңдылықтар қарай жүзеге асырылады.
Өнім өндіру, оның айналымға түсуі және тұтыну бағытына қарай бөлінуі белгілі бір дәрежеде шығындар жұмсауды керек етеді. Айтылған процестердің жиынтығы, өндірістің қортындысы және еңбектің жалпы сипаты алынған таза пайда мөлшерімен өлшенеді.
Есептің ролі әсіресе қазіргі кезде, нарықтық қатынастарға көш кезіңінде арта түседі. Мұндай жағдайда есеп субъектілерді болып жатқан шаруашылық процестер туралы дер кезінде және сенімді хабар беруге тиісті.
Сонымен өнім өндіру, оның айналысқа түсуі мен бөліну процестерін басқару мен аудиторлық тексеру мақсатында құрылған, адамдардың шаруашылық қызметі мен нарықтық қатынастарын сандық және сапалық жағынан үздіксіз тіркеп зерттеуші экономикалық ілімді – бухгалтердік /шаруашылық/ есеп дейміз.
Есеп жүйесінің түрлері
Жан-жақты және аса күрделі, көп салалық халық шаруашылығын тиімді экономикалық жолдармен басқару, әрбір шаруашылықтар мен мекемелер, кәсіпорындар қызметінің қорытындысының белгілі бір орталыққа жинақтьап отыру үшін әртүрлі есеп қажет.
Мұндай есептерге: оперативтік (жедел) есеп, бухгалтерлік, статистикалық және салық есебі жүйесі жатады. Егер бұл есептер жүйесін қарайтын болсақ, онда олардың мағыасын бүтіндей халық шаруашылығы есебі деп түсінуге болады. Айтылған есеп түрлерінің әрқайсысының өз мақсаты мен әдістері, көрсеткіштерді пайдалану және нақтылы іске асыру, мәліметтерді өңдеу қолдарына қарай өз ерекшеліктері болады.
Оперативтік (жедел) есеп немесе техникалық есеп қандай да болмасын кәсіпорындарда, бірлестіктерде орындалатын құмыстар мен өндірілген өнімдерді, көрсетілген қызмет күйлерін, бұлардың барлық шаруашылық қызметін керекті жағдайда өлшеу, бақылау, операцияларды тіркеу жұмыстарын оперативтік (жедел) әдістерімен іске асырады. Оперивтік қолдармен алынған есеп көрсеткіштері күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының барысына, жұмыс операцияларының дұрыстығын басшылық жасауға қажет. Бұл есептің маңызы уақытында орындалған немесе орындалатын жұмыстардың реттеп, тапсырмаларды орындалу дәрежесін бір бөлімшелер мен бөлімдер және цехтар бойынша қадағалап отыруға арналған. Бір сменада, бір тәулікте алынған өнімдерді, орындалған тапсырманы, еңбеккерлердің жұмысқа қатысуын, жұмыс уақытының тиіімді пайдалануын, машиналар мен технизмдердің тұрып қалмауы күнделікті басқарып арнайы шешімдер қабылдау үшін оперативтік есептің атқаратын ролі өте қор. Оперативтік (жедел) есеп көрсеткіштері бастапқы құжаттардан, сондай-ақ ауызша телефон байланысы арқылы да алынып, күнделікті жұмыстарға басқару тұрғыснан арнайы шешім қабылдау үшін де қажет. Бұл мәліметтерді өңдеу, жинақтап реестрлерге түсіру аса қиын емес.
Бухгалтерлік есеп арқылы кәсіпорын бойынша қолда бар материалдар мен олардың жасалун, ақша қаражаттарының қозғалысын, субъектілермен есеп айырысудың дәрежесін, өнімнің өзіндік құнын, негізгі құралдардың тиімді пайдалануын, жалға берілген құралдар мен мүліктердің дұрыс есебін, қаржы түсіру т.с.с. нақтылы есебі жүргізіледі. БЕ қатаң түрде тек қана арнайы және ресми құжаттар негізінде өз міндетін атқарады. Басқадай есептерге қарағанда БЕ ерекшелігі оның құжаттылығында. Шаруашылық операциялардың мазмұны арнайы және тиісті құжаттарға тіркелген жағдайда ғана БЕ жұмыс жүргізіледі. БЕ жүйелі түрде біріңғай ережелер мен әдістер арқылы шаруашылықтағы орын алған шаруашылық операцияларының мәліметтерін жинақтайды. Әрбір құжаттарға жазылып көрсетілген шаруашылық операцияларының мазмұны мен мәліметтері, үлгілі формалы қағаздарға түсіріліп, көрсеткіштер жүйесі салыстырылады, содан барып БЕ тән жақты жазу әдісіне қарай шоттар жүйесіне жазылады. Төменде шоттарға екі жақты жазған мен балансалық топтастыру әдістеріне арнайы тоқталамыз. БЕ бастысы, әлгіндегі құжаттылық принципін орындай отырып операциялар маңызын іске асыру мақсатымен тек қана екі жақты жазу ережесіне сай жүргзіледі. Есептің бұл түрін өз мәнінде дұрыс орындап, тексеру, тіркеу бақылау процестерін жүзеге асыру үшін негізінде ақшалай өлшем қолданылады. Ақшалай өлшемге айналдырылған есеп көрсеткіштері арқылы БЕ объектілер мен учаскелерінде іске асырылған операциялар мәліметтер жинақтап, топтастыруға болады.
БЕ тікелей кәсіпорындар мен мекемелерде, өндіріс орындарында, фермерлік, жалгерлік және кооперативтік шаруашылықтарда, сауда, транспорт және басқадай халық шаруашылығы салаларында жүргізіледі.
Сонымен, БЕ айрықша мәні мен пәні бар ілім. Мұны объектілері мен арнайы әдістерін, даму тарихин өз ерекшелігіне қарай зерттеу қажет. Сондықтан да БЕ теориялық дамымайды.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – шаруашылық құралдары мен олардың қолдану көздерінің қалыптасуы, қозғалыс күйін басқа және бақылау мақсатындағы баланстық әдіс арқылы шаруашылық операциялар жүйесін жинақтап зерттейтін ғылым.
Статистикалық есеп әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды, олардың сандық көрінісінде сапалық сипаттамасы мен және олардың нақты болған жері және уақыт жағдайында дамуының заңдылықтарын анықтай отырып қорытындылау және зерттеу үшін қолданылады. Статистиканың көмегімен өндірісті бақылау жұмысы жүзеге асырылады. Статистикалық есептің мақсаты – бүкіл халық шаруашылығ дұрыс жолдармен басқарып, реттеп отыру үшін қажетті мәліметтер жүйесін жинап, өңдеп, тиісті уақытында жоғары орындарға тапсыруға арналған. Мәліметтерді жинау, оларды тапсыру, экономикалық талдау жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар санақ, бақылау және болжау жұмыстарының барлығы да статистикалық есеп жолдарымен жүзеге асырылады.
Салық есебі дегеніміз салық төлеушілердің салық жылы бойынша табыстарының көлемі мен одан ұсталатын салық сомаларын есептейтін (анықтайтын) жеделдік (оперативтік) есеп болып саналады және де көбінесе бухгалтерлік есепте көрсетілмейтін табыстар мен ұсталатын сомаларын есептейді. Оларды есептеу үшін олардың бағыттарына қарай 13 түрлі ведомастар немесе формалар (үлгілер) пайдаланылады. Мысалы, ведомась (1 форма) – «Жеке адамның жылдық табыс қорытындысын анықтайтын (есептейтін) ведомость».
БЕ ұйымдастырудың негізгі және қажетті ережелері мен заңдылықтары, бухгалтерлік стандарттар, есеп жинақтау әдістері мемлекет тарапынан басқарылады. Экономикалық өмірдің даму кезеңдеріне қарай БЕ және есеп жинақтау туралы жұмыстар, т.с.с. заңды түрде ҚР Министрлер Кабинетіне жүктелген. Халық шаруашылығы есебінің барлық түріне жалпы басшылық жасауды шаруашылығ есебінің барлық түріне жалпы басшылық жасауды және есеп әдістерін нақтылы іске асыруды Қаржы Министрлігіне қарсты БЕ методологиясы мен аудит депортаменті жүзеге асырады.
Есеп жүргізудегі өлшем түрлері
Субъектілерлің қаржысы өлшенетін және жасалған операцияларды есепте бейнелейтін өлшеу бірліктерін есептік өлшегіштер деп атайды. Олар натуралдық (заттай), ақшалай және еңбек өлшегіштері болып 3 түрге бөлінеді.
Атуралдық (заттай) өлшем есепке алынуға тиісті заттар мен құралдарды және процестерді өлшеу, санау, көлемін анықтап арқылы есепке алынады. Мысалы, матаны – метр, көмірді тонның малды - санмен, сүтті – литрмен, астықты – центрмен шегені – кг мен с.т. өлшейді.
Натуралық өлшем аудиторлық тексеру және бақылау жұмыстарын жүргізуге, басқару процестерін, меншіктің сақтау заңдылықтарын іске асыруға аса қажет.
Еңбек өлшемдері өнім өндіруге және қызмет көрсету жұмсалынған жұмыс уақытының санын өшеуге арналған. Бұл өлшем жұмыс күннің саны, сағаты және минуты саяқты уақыт өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсетккіштері: еңбеккерлердің, қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбек ақы және еңбек нормаларын, оның өнімділігі есептеу қажет. Алайда еңбек өлшемдері жұмсалынған еңбек күшінің нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде нәтиже бермейді. Көбіне еңбек өлшемдері натуралық өлшемдермен бірге қосылып есептелінеді. Мысалға, бір өнім өндіруге жұмаслған адам күннің, сағатының дәрежесі мен санын анықатау арқылы еңбек өімділігі көрсеткішін есептеуге болады.
Ақшалай өлшем арқылы баға, пайда, несие, материалдық құндылықтар, өзін-өзі қаржыландыру сияқты экономикалық көрсеткіштерді сипаттап көрсетуге болады. Яғни, қорытындыланған деректер алу үшін ақшалай өлшем (теңге есебімен) қажет. Ақшалай өлшем өнімінің өзіндік құнын, еңбек ақы көлемді таза пайда мен зиянды жинақтау үшін қолданылады.