Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларының жинағы, 2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, 7,1 трлн теңгені құрады. Бұл туралы БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
2017 жылдың басында жинақ 6680,14 млрд теңге болған, жарты жылда 458,28 млрд теңгеге көбейді.
Салымшылардың шотына бөлінген таза инвестициялық кіріс алты айда 205,7 млрд теңге болды.
Қордың негізгі бөлігі - мемлекеттің құнды қағаздары (42,43 пайыз). Құнды қағаздардың маусым айындағы бағасы 126,55 млрд теңгеге көбейіп, 3 трлн 28,74 млрд теңгені құрады.
Зейнетақы активтерінің қаржы салынғандар көлемі бойынша екінші орында ҚР Екінші деңгейлі банктердің облигациялары тұр (19,13 пайыз). Облигациялардың қазіргі бағасы 1365,84 млрд теңге болды.
Қаржы құралдарының кең танылған үштігінде "ҚР мемлекет сыңайлы ұйымдарының облигациялары" бар. Бұл облигациялардың қазіргі бағасы 808,13 млрд теңге болды. Ол қоржынның 11,32 пайызы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024