Canon – телевизиялық және оптикалық өнімдер, оған қоса фотоаппарат, бейнекамера, көшірме аппараттары, степпер, компьютерлік принтерлер және медициналық құрал-жабдықтар жасау өндірісіне маманданған Жапониялық трансұлттық корпорация.
Canon Токио қор биржасындағы бастапқы листингке ие және «topix индекс» көрсеткішінің негізгі бөлігі болып табылады. Ал, Нью-Йорк қор биржасында екінші листингі бар. Бүгінгі күні Canon компаниялар тобының құрамына әлем бойынша 190 мың адам жұмыс істейтін 256 еншілес компания кіреді.
Компания атауы. Алғашында компания Seikikōgaku kenkyūsho (жапонша 精機光学研究所) – нақтылы оптикалық институт деп аталды. 1934 жылы ол әлемде тұңғыш рет 35 мм-лiк Leica аппаратының затворына негiзделген камераны жасап шығарды. 1947 жылы компания атауы Canon со., Inc. деп өзгертілді, ал 1969 жылы қысқартылып, Canon Inc. аталды. Canon атауы будданың мейiрiмдiлiк құдайы Канонның құрметiне қойылған.
Тарихы. 1937 - 1970 ж.ж.: Компания жұмысы алғаш рет 1933 жылы Такикавая ғимаратының 3-қабатында орналасқан оптикалық зертхананың ашылуынан басталады. Бұл зертханада жапондық екi жас жiгiт Горо Ёсида мен оның күйеубаласы Сабуро Учида еңбек еттi. Екі жігіттің басты мақсаты сол замандағы немiс фотоаппараттарынан кем түспейтiн ең мықты нұсқалар құрастыру болды. Оларды Учиданың жақын досы Такэши Митарай қаржыландырды. Такэши Митарай компанияның алғашқы директоры болған.
[caption id="attachment_9078" align="aligncenter" width="302"] Такэши Митарай[/caption]1934 жылы алғашқы 35 мм-лiк Leica аппаратының затворына негiзделген камера дүниеге келдi. Көп уақыт өтпей-ақ “Asahi Camera” журналының маусымдық нөмiрiне “Canon” фотоаппараты жөнiнде хабарлама жарияланды. 1935 жылы 26 маусымда Учида фотоаппарат атауын “Canon” деп тiркеп, айына 10 фотоаппараттан шығарып тұрды. Соғыс жылдарында фотоаппараттар қолдан-қолға тимей сатылып жатты. 1940 жылы Canon Жапонияда алғаш рет жанама рентген камерасын құрастырды. 1955 жылы Canon Camera әлемдік нарыққа шығып, алғашқы өкілдігі Нью-Йоркте (АҚШ) ашылды.1958 жылы Canon телевизиялық хабар таратуға арналған жазық зум-объективті ұсынды, ал 1959 жылы «рефлекс-зум-8» деп аталатын әлемдегі тұңғыш фильм камерасын жарыққа шығарды. 1960-жылдары Canon электроника, офистік және тұрмыстық техника жасау нарықтарын игеруді, сондай-ақ көрші аймақтарды зерттеуді бастады. 1961 жылы Canon қашықтықтан түсіруге арналған фотоаппаратты(Кэнон 7 және 50мм 1:0.95 арнайы байонеттегі объектив) ұсынды. 1964 жылы компания 10-түймелі алғашқы жапондық калькуляторды жасап шығарды. 1970 жылы компанияның АҚШ, Еуропа және Латын Америкасында өкілдіктері болды. Ал, экспорт жалпы сатылымның 50%-ын құрады. 1970 жылдардың соңына қарай Canon тұтынушылар үшін ешбір елде аналогі жоқ картриджді көшірме машинасын,жартылай өткізгішті лазері бар лазерлі принтер т.б. шығарды.
1970 - 2009 ж.ж.: 1971 жылы Canon жоғары сапалы әйнекті камера және FD диапазонды объективтен тұратын Ф-1 өнімдерін таныстырды. 1976 жылы компания әлемдегі алғашқы кіріктірме микро-компьютерлі камераны таныстырды. 1982 жылы Ұлттық географиялық журналда «Кэнон жабайы табиғатты қалай көреді» атты жарнама басылды. 1987 жылы Canon компаниясының қоры құрылды. 1989 жылы толықформатты кәсіби әйнектер шығарыла бастады. 1992 жылы компания әлемде алғаш рет көзбен басқарылатын EOS 5 және тұңғыш PowerShot 600 сандық камерасын шығарды. 2004 жылы Canon XEED SX50 LCD проекторын ұсынды. Компания 2005 жылы алғашқы жоғары айқындылығы бар бейнекамераны таныстырды.
2010 жылдан бері: Canon 2010 жылы Tereck Office Solutions, Inc компаниясын қосып алды. 2012 жылдың үшінші тоқсанында компанияның принтерлер, көшірме машиналары мен көп қызметті құралдар сатудағы ғаламдық үлесі 20.90%-ды құрады. 2013 жылдың басында компания штаб-пәтерін Токиодан Мелвиллге көшірді(Нью-Йорк). 2014 жылдың ақпанында Canon Texas-based Molecular Imprints Inc, маусымда Milestone Systems компаниясын өзіне қосып алды. 2015 жылдың 10 ақпанында Шведтік бақылау камераларын жасайтын компания Axis Communications-ті 23.6 миллиард долларға сатып алғысы келетінін хабарлады.
Өнімдері: Компания принтер, сканер, бинокль, сандық фотоаппараттар, таспалы және сандық камералар, объективтер мен бейнекамералар шығарады.
Серіктестері: 1983 жылы компания ағылшындық The Football League футбол лигасының демеушісі болған. Футбол лигасы 1983-1986 жылдар аралығында The Canon League деп аталды. Демеушілік қазір Today газетіне көшкен. 1967-2003 жылдары Кэнон компаниясы Ұлы Хартфорд ашылуларына (Greater Hartford Open,қазір Travelers Championship) демеушілік етті.
1985-1993 жылдары компания Формула-1 жарысына демеуші болды.
2006 жылдан бері компания Қызыл Крест ұйымына көмектеседі.
Кірісі: 2014 жылдың қорытындысы бойынша компания, камералардың төменгі сатылымына қарамастан, кеңселік техникалар сату арқылы көрсеткіштерін жоғарылатып алды. Әлемдік нарықтағы сатылымның 80%-ы Canon-ға тиесілі. Өткен жылғы компания кірісі - 30,8 млрд доллар. Пайда көлемі 3,17 млрд доллар(бұл 2013 жылмен салыстырғанда 10,3% жоғары).
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024