Chevrolet компаниясы жаңартылған орта өлшемді Equinox кроссоверінің жаңа кейпін паш етті. Бұл үлгінің таныстырылымы 12 ақпан күні Чикагодағы моторшоуда өтеді. Жол талғамайтын көліктің сырт бітімі мен салонына бірқатар стилистикалық өзгертулер енгізілді, сонымен қатар жаңа опциялары да пайда болды.
Қазіргі кроссоверден рестайлингілік Equinox өзгертілген радиатор торымен, өзгеше алдыңғы және артқы бампермен және жетілдірілген жарық жүйесімен ерекшеленетін болады.
Кроссовер 182 ат күші мен 233 Нм айналдырушы моментті үдететін 2,4 литрлік төрт цилиндрлі мотормен, сонымен қатар қуаты 301 күшті (368 Нм) 3,6 литрлік V6 қозғалтқышымен қамтылған. Көлік алты сатылы "автоматпен" басқарылады.
Chevrolet Equinox-тың стандартты жинағына OnStar спутниктік коммуникациялар кешені, LTE стандартты 4G желісін ұстайтын Wi-Fi нүктесі, MyLink мультимедиялық кешені және артқы камера қосылады.
Кроссоверде "өлі" аймақтарды анықтау, қозғалыс қатарын бақылау және қарсы соқтығысуларды ескерту жүйесі және автотұрақтан артпен шыққанда жәрдемдесетін функция қол жетімді болады.
Жаңартылған Chevrolet Equinox күзде АҚШ-та сатыла бастайды. Қандай бағамен өткізілетіндігі әзірше беймәлім. Қазіргі кроссоверлердің құны 24 520 доллардан жоғары.
Ақпарат көзі: motor.ru
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024