Ұлттық банк басшысының ауысқаны несие-қаржылық саясатқа да, қаржылық-экомоникалық шешімдерге де әсер ете алмайды дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Естеріңізге сала кетсек, бірқатар қазақстан БАҚ-тарында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов қызметінен кетеді деген ақпарат тараған. Әйтсе де, Ұлттық банктің баспасөз қызметі бұны жоққа шығарды. Банктің мәлімдемесіне қарамастан, интернетте еліміздің бас банкін кім басқаруы мүмкін деген сұрақтар да талқыға түсті. «Негізгі мәселе Ұлттық банкті кім басқаратындығында емес. Бастысы - жаңа төрағаның қаржы-несиелік саясатын өздігімен қалай жүргізетіндігінде, сенімді қайтару үшін нарықпен байланыс орната ала ма, осында болып тұр», - деп жазады Қазақстанның Даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі Данияр Темірбаев Facebook желісіндегі парақшасында. Саясаттанушы Досым Сәтпаев былай деп отыр: «Бұл орынға кім келсе де, үлкен мәселелерге тап болады. Себебі, Ұттық банк пен биліктің жүргізіп отырған қаржылық-экономикалық саясаты қабылданып қойды. Бұл жерде сұрақты басқаша қойған дұрыс: Қайрат Келімбетовтың өзі бұл орында қалғысы келе ме?», - дейді ол. Сарапшының айтуынша, жылдың басында-ақ, мемлекет басшысына экономика мен мұнай бағасының болжамы туралы анық ақпарат берілмеген. Соның салдарынан Ұлттық банк басшысына деген сенімге селкеу түсіп отыр. «Ұлттық банк пен Үкімет жасаған болжамдар мен сандық мәліметтерге сүйенсек, ұлттық валюта құбылмай, нық дәлізде тұра беруі керек еді. Кенеттен шешімдер қабылданып, оған дейінгі мәлімдемелеріне қайшы келді. Мұндай "әзілдер" кешірілмейді», - дейді Сәтпаев мырза. Барлығы бір-біріне қарсы «Негізі, Ұлттық банк төрағасының тәуелсіз тұлға екенін ұмытпауымыз керек. Бұндай пікір Григорий Марченконың Ұлттық банкті "мемлекет ішіндегі мемлекет"етуге тырысқан кезінде-ақ сіңіп кеткен. Ұлттық банк басшысын бірқатар қаржылық-экономикалық шешімдер шығаруға мәжбүр еткен қазіргі экономикалық жағдайды ескерсек, осы екі жыл төраға үшін оңайға соқпағаны анық», - дейді ол. Келімбетовтың қызметтен кетуі туралы ақпарат Ұлттық банкпен жүйе қалыптастырушы банктер арасындағы ақпарат соғыс нәтижесінде шыққан болуы мүмкін дейді саясаттанушы. «Оның бір күн болмаса, бір күні кетері анық. Кеткен күннің өзінде оған жұрт аса қайғыра қояды деп ойламаймын. Өз еркімен қызметтен кететіндер некен-саяқ. Егер біреу солай жасайтын болса, демек оған керемет ұсыныс түскені. Бізде көбіне жемқорлыққа байланысты ұсталып, қызметінен кетіп жатады», - деді Досым мырза. Қазіргі басшының орнына бұрын Ұлттық банк тізгінін ұстаған Болат Жәмішев, Ануар Сәйденов, Ораз Жандосовтар келі мүмкін деген болжам жасалған. «Кім келсе де, ол бәрібір сынның астына алынады. Себебі, қабылдануы тиіс шешімдерді Ұлттық банк, Үкімет тіпті мемлекет басшысы да қабылдамайды. Барлығы ішкі және сыртқы экономикалық факторларға байланысты. Бірінші кезекте, сыртқы факторларға,», - дейді Сәтпаев.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024