VIP-туризм әдетте абстарктілі ұғым және әр адамның жеке талғамы арқылы анықталады. Дегенмен туристік компаниялардың сөзінше, мұндай саяхат түріне тән бірнеше ұқсастық бар деп жазады forbes.kz.
Біріншіден, барлық VIP-туристер Cat De Luxe категриясындағы бес жұлдызды қонақүйлерге тоқтайды. Ол орындар арнайы апартаменттерден бастап жеке гольф-клуб, теннис корттары, тікұшақ алаңдары, спа-кешендер, жеке тренерлерге дейінгі клиенттердің барлық қалауларын орындайды.
Екіншіден, клиенттердің қалауы бойынша қайталанбас ойын-сауық бағдарламаларын ұсынады. Мысалы, экслюзивті көрмелер мен театрға бару, жеке жабық шопинг-тур, арнайы сауықтыру процедураларын өткізу, түрлі спорт түрлерімен айналысу.
Үшіншіден, жаңа аумаққа бару. Golden Way 888 туристік агенттігінің бас директоры Әлия Шоқыбаеваның сөзінше, қазақстандықтар БАӘ, Италия, Франция, Бали, Мальдив, Түркия, Гоа, Сейшел аралдары және Монакоға баруды жөн көреді. Бразилия, Чили, Аргентина, Колумбия, Эквадор, Жаңа Каледония араладары, Жаңа Гвинея, Палау тәрізді экзотикалық жерлерге саяхаттайтындар да бар. Сондай-ақ Солтүстік және Батыс Еуропа, Азия және Жапония, Аустралия аумағы, Жаңа Зеландия, Тынық мұхит аралдарына 100 күнге дейін круиз ұйымдастыруға болады. Круизді кемелерде кинотеатрлар, аквапарктер, театрлар, бассейндер, жаттығу залдары мен спорт алаңдары, мейрамханалар, сұлулық салондары және уақытта қызықты өткізуге арналған өзге де сауық түрлері бар.
Клиент таңдаған классқа байланысты каюталар бағасы өзгеріп тұрады. Орташа есеппен үшінші класстағы бір адам үшін баға 2 мың еуродан, екінші класста 3 мың еуродан, бірінші класста 5-8 мың еуродан басталады. Люкс санаты үшін 25 мың еуро төлеуіңіз қажет.
Premium Travel Company бас директоры Евгения Хохленконың айтуынша, бүгінде барлық түскен тапсырыстардың 70%-ын премиум санатындағылар, 20%-ын стандарт санатындағылар, 10%-ын люкс санатындағылар құрайды. "Қазақстандағы круизді саяхат тапсырыстарының 98 пайызға жуығы біз арқылы өтеді. Орташа есеппен бірнеше мың адам осы саяхат түрін таңдайды",-деді ол.
Оның сөзінше, круиздің ішінде ең кең тарағаны - белгілі бір аумақты зерттеуді жоспарлаған экспедициялық круиз түрлері. Мұндай саяхат үшін арнайы қайықтар және тікұшақтармен жабдықталған кемелер қолданылады. Бортта туристен бөлек дәрігерлер, ғалымдар, қауіпсіздікке жауап беретін арнайы топ болады. Экспедициялық круиздің 10-15 күндік бағасы адам басына 10 мың доллардан 25 мың долларды құрайды. Билет ішіне арнайы құрал жабдықтар, тамақтану және жатын орын, лекциялар мен сауықтық шаралар кіреді.
Дәулеттілер үшін қызықты болатын экстремалды демалыстың тағы бір түрі - "Белесті бағындыр" саяхаты. МиГ-29 атқышымен сағатына 2000 шақырыммен 18–19 шақырым биіктікке көтеріліп, жоғары пилотаж фигураларын жасауға қатысасыз. Мұндай саяхат жерді ғарыштан көріп, өзіңізді пилот сезінуге мүмкіндік береді. Бірақ Ресейде өтеді. Ұшуды да РФ-ның тәжірибелі ұшқыштары орындайды, ал саяхат алдында сізді дәрігерден тексерістен өткізіп, ұшақпен таныстырады. Ұзақтығы - 40-45 минут, құны 10 мың доллардан асады.
Дегенмен осы жылы шетелге шығуды қаламайтын қазақстандық туристер үшін Байқоңыр ғарыш айлағынан экскурсиялар ашылды. "Роскосмос" осындай саяхат ұйымдастыру үшін 6 қазақстандық туроператорға лицензия берген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024