Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Даму" қоры мен екінші деңгейлі банктер Ұлттық қордан бөлінген 50 млрд теңгені игерді

"Даму" қоры мен екінші деңгейлі банктер Ұлттық қордан бөлінген 50 млрд теңгені игерді

«Даму» қоры мен  екінші деңгейлі 13 банк орта және шағын бизнес үшін ҚР Ұлттық қорынан бөлінген 50 млрд теңге екінші транш қаражатын толығымен игерді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Транш арқылы 270 жоба қаржыландырылып, 131-не айналым қаражатын толықтыру мақсатында 21,4 млрд теңге бөлінді.

Аймақтар бойынша игерілген жобалардың ең көбі Алматыға тиесілі. Мегаполисте 34 жоба бойынша 8,6 млрд теңге игерілді. Оңтүстік Қазақстан бойынша - 22 жоба, 5,8 млрд теңге. Астана қаласы - 22 жоба, 4,2 млрд теңге. Қостанай облысы - 14 жоба, 4,2 млрд теңге.

Ең аз игерілген жоба Атырау облысына - 4 жоба, 7822 млн теңге. Ал Қызылорда облысында 6 жоба үшін 473 млн теңге жұмсалды.

Салалық бөлім бойынша тамақ өнеркәсібіне 21 млрд теңге бөлініп, 112 жоба игерілді. Машина жасау және метоллургия саласында - 30 жоба 8,3 млрд теңгені құрады. Ал Құрылыс материалдарын өндіру өнеркісібі бойынша 49 жобаға 7,5 млрд теңге жұмсалды.

Фото: kapital.kz

Похожие материалы