Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Данияр Ақышев Ұлттық Банктің Цеснабанкке неге қолдау көрсеткенін түсіндірді

Данияр Ақышев Ұлттық Банктің Цеснабанкке неге қолдау көрсеткенін түсіндірді
27 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz -  "Цеснабанк" осы айда Ұлттық Банктің нарықтық талаптары бойынша 150 миллиард теңге несие  тартты", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев кезекті  баспасөз мәслихатында.                       « Цеснабанк» АҚ-да болған жағдай тұтынушылар қаражатының жоспарланбауына байланысты  өтімділік тапшылығынан туындаған. Банк акционерлері ахуалды тұрақтандыру үшін бар күш-жігерін жұмсады. Енді банктің маңызды капиталдандыруын жүзеге асыру үшін дағдарысты алдын ала болжай алатын тәжірибелі жаңа басшылық тағайындалды », - деді Данияр Ақышев. Сонымен қатар, «Цеснабанк» проблемалы кредиттер қорына 450 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы несиелері портфелінің үлкен бөлігін сатуға мәміле жасайды. «Бұл, бір жағынан, несие алған агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың жай-күйін жақсартып, қызмет көрсетудің неғұрлым қолайлы шарттарын ұсына алады. Сондай-ақ, қосымша өтімділікті қамтамасыз етеді», - деді банк төрағасы. Ұлттық Банктің басшысы  «Qazaq Banki», «Эксимбанк» және «Астана Банкі» АҚ лицензияларынан айырылуы  өзге қаржы ұйымдарына әсер етпейтіндігін ескертті. «Qazaq Banki, Eximbank және Астана Банкінің активтеріндегі үлесі 0,9%, 0,3% және 1%. Бұл банктердің лицензияларының орнын толтыру басқа қаржы ұйымдары үшін қауіпті емес», - деп түсіндірді Данияр Ақышев. Оның мәліметінше, лицензиядан айырылған банктердегі  депозиттер сақтандыру жүйесінде. Кез келген валютадағы салымдар, төлем карточкаларындағы ақшалар және жеке тұлғалардың банктік шоттары Қазақстандық Депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалады. Айта кететін жайт, Ақышев Ұлттық Банк әрбір жеке банктегі ахуалды қадағалап отырғанын атап өтті. «Банктік қадағалау тиімділігін арттыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тәуекелге негізделген «қадағалау тобы»  енгізіледі. Енді, Ұлттық Банк дәлелді шешім шығару институтын қолданып,  банктердегі қаржы жағдайының нашарлауын күтпестен, ондағы дағдарыстың пайда болуына жол бермейді», - деді Ақышев. Қадағалау тобы төрт бағыт бойынша дәлелді шешім шығарады: басқару мен акционерлерді үйлестіру, қалыптасқан резервтерді бағалау, банкпен ерекше қарым-қатынас ұстайтын  тұлғаларды белгілеу, тәуекелдерді басқару жүйесі мен ішкі бақылауды бағалау. Ақышевтің хабарлауынша, мұндай шаралар банк секторындағы мәселелердің қайталануына жол бермейді және қаржы қызметінде тұтынушы мүддесін қорғауды күшейтеді.                

Похожие материалы