
Астана. 28 желтоқсан. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін парламенттегі жиныннан кейін журналистерге сұхбат беріп, Қазкоммерцбанктің тұрақтылығы туралы айтты.
«Мен алаңдауға негіз көріп тұрған жоқпын. Жағдайын дұрыс бағалаймын, салымшылардың алаңдауына негіз жоқ»,-деді ол.
Оның айтуынша, Қазкоммерцбанк Ұлттық банктен жекелеген операцияларды қосымша қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында несие алған.
«Дүйсенбі күні Қазкоммерцбанк қарыздың жартысын, 200 млрд теңгені қайтарды. Сәйкесінше оларға қаражат қажет емес. Қазір Қазкоммерцбанктің Ұлттық банк алдындағы қарызы 200 млрд теңгені құрайды. Бұл стандартты сома және оның активтерінің аз ғана бөлігін құрайды», - деді Данияр Ақышев.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025