Елбасы Жарлығымен Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Дариға Назарбаева 1963 жылдың 7 мамырында дүниеге келді. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алды. 1990 жылы Мәскеу университетінің аспирантурасында оқыған. 1991 жылы тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң саясат ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған. 1992 жылы — «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті. 1994-1995 жылдары — «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры, "Хабар" агенттігі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарған. 1998 жылы "Хабар" агенттігі" АҚ президенті болып тағайындалады. 2001 жылы - "Хабар" агенттігі" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы 2003 жылдан бастап "Асар" партиясының лидері атанды. 2006-2007 жылдары - «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары 2004-2007 жылдары «Асар» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты боп сайланды. 2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты. 2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024