Экономика
Дариға Назарбаева Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды
Елбасы Жарлығымен Дариға Назарбаева ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Дариға Назарбаева 1963 жылдың 7 мамырында дүниеге келді. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде білім алды.
1990 жылы Мәскеу университетінің аспирантурасында оқыған. 1991 жылы тарих ғылымдарының кандидаты, 7 жылдан соң саясат ғылымдарының докторы ғылыми атағын алған.
1992 жылы — «Бөбек» балалар қайырымдық қорының вице-президенті.
1994-1995 жылдары — «Хабар» Ұлттық теледидар ақпарат агенттігінің директоры, "Хабар" агенттігі республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарған.
1998 жылы "Хабар" агенттігі" АҚ президенті болып тағайындалады.
2001 жылы - "Хабар" агенттігі" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы
2003 жылдан бастап "Асар" партиясының лидері атанды.
2006-2007 жылдары - «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары
2004-2007 жылдары «Асар» партиясының тізімі бойынша Мәжіліс депутаты боп сайланды.
2010 жылы маусым айында "Нұрбанк" компаниясының директорлар кеңесінен шықты.
2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды.