ПРИНСТОН – АҚШ Президенті Дональд Трамп пен оның кеңесшілерінің сауда және көшу-қон бойынша ашулы риторикасы біздің қазіргі жаһандану заманымызға кауіп төніп тұр ма деген ойды туғызды. Егер солай болса, онда мәселе оның соңы қақтығыспен бітер-бітпесінде болып тұр.
Қор нарықтары барған сайын қалшылдап жатыр, мүмкін халықаралық экономикалық интеграция кері айналдырылған кездегі естеліктерден де болар. Жаңа сауда немесе соғыс қақтығыстары екінші дүниежүзілік соғыстан бері табысты қамтамасыз еткен күрделі сауда қатынастарын шеше алуы мүмкін еді.
Деглобализацияның алғашқы кезеңінде, Бірінші Дүниежүзілік соғыс немесе 1929 жылғы қаржы тоқырауы бұрын елдерді біріктіріп отырған адами, коммерция және қаржы ағымдарын бұзып тастады. Дағдарыстың нәтижесі ретінде ұлт және азаматтық қоғамның саяси және әлеуметтік өмірінің негізгі компоненттеріне айналды.
Осындай қайта өзгеріс пен дезинтеграциясы көріністері бұрын тарихтан табылуы мүмкін: мысалы, Рим Империясының тоқырауы мен Қытайдың шығыс Хань династиясының бөлінуі. Кейбір тарихшылар американдық және француздық революцияларды кері жаһандану оқиғалары деп санайды. Американдық революционерлер сыртқы сауда мен билікті мойындамады, ал француз революционерлері Бурбон династиясының еуропалық альянстарын жойған. Екі мысалда да революционерлер азаматтықтың жаңа тәртібін растады.
Қазіргі заманғы саяси қоғамдық бірлестігі деглобализацияны қолдайтын тәрізді. Тарихи, бұл үрдіс қоғамның эмоционалдық теңгерімі бұзылғанда қозатын. Әлеуметтік қақтығыстар көбінесе жаңа басшылардың пайда болуына апарады, олардың басқару кезінде тым асығыс, саяз және тиянақсыз шешімдерді қабылдайды. Бір елдегі нашар шешімдер қабылдануы басқа елдерге залал әсерін тигізсе, ол өш алу мен ушығудың бұзылмас шеңберіне әкеледі.
Соңғы ғасырда, үш-ақ эмоция, жаһандануға қарсы күресті қамтамасыз етті: қорқыныш, күдіктер мен аномия. Негізі, қаржы тапшылығынан немесе басқа елдерден төнген қауіп-қатерден қорқу қоғамның тұрақты өзгеріп тұратын әлемнен алаңдауын айқындайды.
1980-жылдары қаржы талдаушысы Джеймс Монтье «қорқыныш және сараңдық» индексін жасады, ол бойынша нарықтағы өзгерістер сараңдық пен жоғалтып алу қорқынышынан орын алатын. Монтье негізгі тұжырымдамасы бойынша, қорқыныштың әлеуетті деңгейі көрсетілетін сараңдықпен қатар өсіп тұрады. Яғни, қорқыныш - бұл тарихи сараңдылық үшін төленетін құн, сондай-ақ христиан діні бойынша, өлім кінәға төленетін құн.
ХХ ғасырдағы негізгі әскери қақтығыстардың барлығы қаржы дағдарысынан туындаған, ал олар болса көл-көсір молшылық кезеңдерінен кейін орын алған. 1907 жылғы тоқырау бірінші дүниежүзілік соғыс алдында болды; және 1929 жылғы дағдарыс, 1931 жылғы еуропалық банк дағдарысы және Ұлы тоқырау екінші дүниежүзілік соғыстың алдында болды.
Деглобализацияны алға айдайтын тағы бір сезім - күдік - тұзақ құра алады. Элвис Пресли айтып өткендей: «Біз / күдікті ойлармен /бірге жүре алмаймыз / Біз армандарды / күдікті ақыл-ойларымызда құра алмаймыз».
Қаржылық дағдарыстан кейінгі есеп беру кезеңінде, алға шығып кеткен адамдар, жиі айыпты деп есептелді. Кейбір жағдайларда жұртшылық ашуын басқа елге жіберді; басқа жағдайларда олар ызасын этникалық азшылықтар немесе қаржылық элиталар сияқты әлеуметтік топтарға бағыттады. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында еврейлер ең жиі зардап шеккен топ болды, ал 1997 жылы Азия қаржы дағдарысы кезінде Филиппин, Малайзия және Индонезиядағы қытайлық саудагерлерге назар бөлінді.
Күдіктер қауіпсіздік мәселесін де көтеруі мүмкін. БДС алдында көптеген лондондықтар неміс мейрамханасындағы даяршылар шпиондар деп алаңдаушылық білдірді. Бүгінде көптеген еуропалықтар ислам қауымдастықтарындағы босқындар мен радикализациядан қорқады, ал негізі олар нақты қауіпке сәйкес келмейді.
Жаһандану үдерістері негізгі құндылықтарды, мағыналық көздерді (дәстүрлі жұмыстар сияқты) және өмір жолдарын бұзған кезде қорқыныш пен күдік пайда болады. Өнеркәсіптік дамыған елдерде көші-қон мен саудаға қарсы тұру жиі жұмыс орындарын «сақтап қалу» немесе «жаһанданудан зардап шеккендерге» өтелетін өтемақысы ретінде қарастырылады. Алайда, екі жағдайда да, мағыналы, жеке тұлға көздердін қамтамасыз ететін жаңа лайықты жұмыс орындарының жоқ екені ескерілмейді.
Бұл, кем дегенде, он тоғызыншы ғасырда жаппай индустрияландыру үдерісін тездете бастаған сәттен бастап проблема болған. Федор Достоевский Өлі үйі атты классикалық 1862 жылы түрмеде өмір сүру тарихын сібірлік қылмыстық колониялардағы адамдар үшін еңбек ету маңыздылығымен ашты. Ол заттар жасау немесе тіпті бөлмені тазарту сияқты қарапайым іс-шаралар адамға өзін-өзі жоғары бағалауға мүмкіндік беретінін байқады. Бірақ тұтқындарға тағайындалған немқұрайлы еңбек, мысалы, ор қазу және кейіннен оны қайта толтыру - керісінше әсер етті, бұл олардың қадiр-қасиетiн құртуға және өздерiнiң жеке тұлға сезiмiн жоюға бағытталған еді.
Тарихтан айтар болсақ, делобализацияның эмоциялық тамырларымен күресу әлеуметтік қиялдың үлкен ерлігін талап етеді. Біздің алдымыздағы міндет - адамның қадір-қасиетін және мақсатының жалпыға ортақ сезімін қалпына келтіру.
Бүгінгі қаржы ағындары 2008 қаржы дағдарысынан бұрынғыға қарағанда аздау; 2014 жылдан бастап халықаралық сауда Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет өндірістен гөрі әлдеқайда баяу өсті. Еуразияны инфрақұрылым мен инвестициялау арқылы біріктіруге бағытталған Қытайдың «Белбеу және жол» бастамасына қарамастан, әлем «қаржы шыңы», «сауда шегі» және «жаһандану шыңына» жеткен деп есептеуге болады.
Дегенмен, халықаралық байланыстың төмендемеген бір негізгі саласы бар: ақпарат алмасу. Жаһандық деректер ағындары экономикалық құны өсіп келе жатқан үлесті құрай отырып, өсуін жалғастырады.
Бірақ сандық жаһандану сондай-ақ жаңа мән көздерін құрай ала ма? Эксперименттік суретшілер мен әлеуметтік медиа сарапшылары мұны мүмкін деп айтар. Бірақ егер жаңа өзара қарым-қатынас байланысы адамдарға оқшаулану және уақытты сезінбеудің парадоксикалық әсерін тигізсе, онда олар күн сайын жаһандануға қарағанда ескі тұрақты көзқарастарды таңдайтын болады.
Автор туралы: Гарольд Джеймс - Принстон университетінде тарих және халықаралық қатынастар профессоры және халықаралық басқару инновациялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып табылады.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024