Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Delta Bank таза пайдасын 25,6%-ға ұлғайтты

Delta Bank таза пайдасын 25,6%-ға ұлғайтты

2015 жылы Delta Bank-тің таза пайдасы 6,3 млрд теңгені құрады. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 25,7%-ға артық, деп жазды LS.

Банктің салық салынғанға дейінгі табысы 24,3%-ға өсіп, 7,3 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ  банктің операциялық табысы 53,5%-ға артып, 25,5 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 16,6 млрд теңгеге тең болған еді. Ал 2015 жылғы банктің таза комиссиялық табысы 982 млн теңген құрады. 2014 жылы бұл көрсеткіш 855 млн теңге болды. Осылайша, банктің таза комиссиялық кірісі 14,8% пайызға артты. 201 5жылғы банктің пайыздық таза пайдасы 41,5%-ға көбейіп, 21,4 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 15,1 млрд теңге болған еді. Банк капиталы да өсті. 2015 жылы Delta Bank-тің капиталы 32,3 млрд-тан 48,3 млрд теңгеге (49,3%-ға) дейін артты. Міндеттемелер көлем 38%-ға көбейіп, 350 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 253 млрд теңгеге тең болған еді. Осылайша, 2015 жылы банк активтері 398 млрд теңгені құрады. Бұл 2014 жылғы активтерден 39,2%-ға артық болды. Фото:forbes.kz

Похожие материалы