Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Демалыс күндері ірі қалалардың ақша айырбастау орындары доллар сатып алмады

Демалыс күндері ірі қалалардың ақша айырбастау орындары доллар сатып алмады
23-24 қаңтар күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау орындары АҚШ долларын сатып алмады, деп хабарлайды  Kapital.kz. Демалыс күндері Алматыда долларды теңгеге айырбастау мүмкіншілігі тек Халық банкінде болды. Қалған ақша айырбастау пунктері ұлттық валюта қалмады деді. otyrar.kz-тің жазуы бойынша, осы күндері Шымкент қаласындағы ақша айырбастау пунктері де  долларды сатып алуды тоқтатқан. Таблодағы доллар бағасы алынып тасталған.  Долларды 382 теңгеге сатып алуға болатын кезде, кейбір жерлер бір долларға 365 теңге ұсынған екен. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақыттағы сатып алу мен сату бағамының ауытқу мөлшерлемесі долларға- 2 теңге болса, евроға - 3 теңге. Бұл көрсеткіштер 1 ақпаннан кейін көтерілетін болады. Фото:qazaquni.kz

Похожие материалы