Алматы. 25 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі 17,1%-ға артып, 628,6 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 76,6% немесе 481,2 млрд теңге — бюджет есебінен; 15,8% немесе 99,1 млрд теңге — халықтан алынған қаражат есебінен; 7,7% немесе 48,3 млрд теңге — кәсіпорындар қаражаты есебінен. Мұндай деректерді finprom.kz ұсынды.
Қызметтердің ең көп көлемі аурухана ұйымдарының қызметіне байланысты болды: 341,9 млрд теңге. Жалпы, 2018 жылдың 12 айында денсаулық сақтау қызметтерінің көлемі 1,2 трлн теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,4%-ға көп.
2019 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтау саласына 858,8 млрд теңге бөлінді — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7%-ға артық (820,4 млрд теңге).
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024