Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Депутаттар мәжілісті тарату туралы шешімді бірауыздан мақұлдады

Депутаттар мәжілісті тарату туралы шешімді бірауыздан мақұлдады

Әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты мәжіліс депутаттары өкілеттігін мерзімінде дейін орындай алмайды. Сондықтан олар ҚР Президентінен мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қоюды өтінді. Мұндай шешім парламент мәжілісінің кеңейтілген отырысында бірауыздан дауысқа салынды.

«Құрметті депутаттар! Бүгін үш партия бірігіп, мемлекет басшысына ұсыныс дайындады. Бұл - парламент мәжілісінің бесінші жиылысындағы депутаттарын тарату туралы. Барлық фракция депутаттары бұл мәселені талқылап, бірауыздан мақұлданды. Қезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім елдегі экономикалық жағдайға байланысты қабылданды. Сондықтан бұл уақытында қойылған мәселе деп есептейміз", - деді "Нұр Отан" партиясының депутаты Нұрлан Әбдіров.

"Біз 2016 жылдың соңына дейін уақытымыздың аяқталғанын күте алмаймыз. Біз парламент мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау туралы шешім қабылдадық. Барлық сала бойынша реформа жүргіземіз деген жоспар бойынша, біз парламенттегі сайлау мен мәслихат сайлауын бірге өткізуіміз керек. Бұл дағдарыс жағдайында сайлау науқанын ұзаққа созбай, ұйымдастыру мен сайлау өткізуге бөлінетін қаржыны қысқартуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Н.Әбідров пленарлы отырыс кезінде.

Аталған ұсынысқа отырысқа қатысқан 103 депутат дауыс берді.

Фото: parlam.kz

Похожие материалы