Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Digital life жобасы арқылы 6 мыңнан астам қазақстандық мобильді білімін жетілдірді

Digital life жобасы арқылы 6 мыңнан астам қазақстандық мобильді білімін жетілдірді

«Кселл» мен E-event компаниясымен бірігіп ұйымдастырған Digital Life мобильді білім беру жобасының екінші жылын қорытындылады.  Еліміздің 16 қаласын қамтыған жоба аясында мобильді медиа және қауіпсіздік, мобильді білім беру, мобильді мемлекет және бизнес тақырыптары бойынша тегін 230 шеберлік сабақтары өткізілген.

Соңғы екі жылда оған қатысушылардың саны 6 мыңнан асты. Бұл тренингтерге мектеп оқушыларынан бастап, ата-аналар, мұғалімдер, қариялар мен студенттер, тіпті, журналистер мен кәсіпкерлер де келіп смартфонды пайдаланудың қыр-сырын меңгерген.

"Кселл" компаниясының коммуникация бөлімінің жетекшісі Наталья Еськованың айтуынша смартфондар оператор желісіне денлеп еніп келеді. Бірақ көпшілігіміз оның барлық мүмкіндіктерін пайдалана бермейміз, дейді ол. "Дегенмен, мобильді құралдар пайдалы ақпарат арнасы. Мысалы, білім саласы мен хоббиіңіз тағы да басқа дүниелер туралы ақпарат көп. Оны дұрыс пайдалана білсек, смартфондар біздің өмірімізді қызықты әрі қауіпсіз ете алады", - дейді Кселл көомпаниясының өкілі.

Оның айтуынша, басында авторлар 12 шеберлік сабағын өткізетін болған. "Бірақ жобаның екінші жылында маңызды тақырыптарға көңіл аударуымыз қажеттігін түсіндік. Нәтижесінде "Мобильді медиа", "Мобильді мемлекет", "Мобильді білім", "Мобильді бизнес", "Мобильді қауіпсіздік" деген бағытта  шеберлік сабақтарын өткіземіз деп шештік", - дейді ол.

Ал "Апашки, аташки и смартфон" курсына қатысқан алматылық зейнеткер Полина Тайбекова сыйлыққа смартфон алғаннан кейін оны пайдалана алмай оны қайта кімге қайта сыйласам деп ойлай бастаған екен. Digital life курсын көргеннен кейін мобильді телефонын өзі пайдаланамын деп шешкен.

6 мыңнан астам қазақстандық Digital life жобасы арқылы мобильді білімін жетілдірдіОл мессенджерді пайдалануды, фотосуреттер мен видео түсіруді және оны WhatsApp арқылы жолдауды үйренген. "Кішкентай қаріптер смартфонымды ұзақ пайдалануға мүмкіндік бермейді. Ал енді планшет нағыз бүкіл әлемге ашылған терезе: интернетке кіруге болады, музыка тыңдап, Youtube арқылы фильм көруге болады", - дейді зейнеткер.

 

Похожие материалы