Әділет министрлігі Bek Air құрылтайшылары туралы мәліметтерді жариялады
Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанның Әділет министрлігі "BEK AIR" ЖШС авиакомпаниясының құрылтайшылары туралы ақпаратты жариялады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
"Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы "Заңға сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат болып табылмайды. Бұл ретте ЖШС құрылтайшылары мен қатысушылары - оның үлестес тұлғалары", - делінген хабарламада.
Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша, Бизнесті сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне сәйкес «BEK AIR» ЖШС 2011 жылғы 12 мамырда тіркелген.
"Басшысы Монахов Владимир Михайлович, құрылтайшысы Жаркимбаев Сәкен Тоқпайұлы болды. 2017 жылғы 18 сәуірде құрылтайшының ауысуына байланысты қайта тіркеу жүргізілді - Шуленбаев Дамир Маратұлы. Үш рет басшы ауысты, 2013 жылғы 29 тамызда - Жұмасұлтанова Айгүл Файзуллақызы, 18 шілде 2016 жыл - Жұмасұлтанова Дина Нұрланқызы, 25 сәуір 2019 жыл – Бияхметов Рустам Ілиясұлы", - деп түсіндірді Әділет министрлігінде.
Еске сала кетейік, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуекомпаниясының ұшағы сағат 7:05-те ұшқаннан кейін радардан жоғалып кеткені хабарланды.
Кейіннен ұшақтың әуежайдан шыққаннан соң биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды сындырып, екі қабатты ғимаратпен соқтығысып, тұрғын үй секторы аумағында құлағаны белгілі болды.
Ақпаратқа сәйкес, бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.
ҚР ІІМ ТЖК хабарлауынша, оқиға салдарынан 12 адам қайтыс болып, 49 адам зардап шекті. Олардың тұлғалары анықталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024