
2016 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 335,65 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 335,58 теңгені құрады. Максималды курс — 336 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 335,69 теңге болды.
Таңғы сессияда сауда көлемі 132 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 203. Ал ақша айырбастау орындарында 12 сәуірдегі доллардың максималды курсы — 337 теңге (Алматы уақытымен 11:00).
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025