Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 373 теңгеге дейін қымбаттады

Доллар 373 теңгеге дейін қымбаттады

Алматы. 9 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 372,95 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (371,22 теңге / $1) ұлттық валюта 1,73 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 372,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 373,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 372,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 19 млн 600 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 42.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 375,5 теңге, Алматыда – 375,9 теңге.

Похожие материалы