Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,18 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (376,03 теңге / $1) ұлттық валюта 2,15 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,60 теңге, жабылу курсы бір долларға 378,20 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 33 млн 850 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 66.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 379,3 теңге, Алматыда – 379,4 теңге.
Ұлттық Банктің 18 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 376,6 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.