Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,83 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (380,97 теңге / $1) ұлттық валюта 1,14 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,05 теңге, жабылу курсы бір долларға 380 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 24 млн 800 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 59.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380 теңге, Алматыда – 381,3 теңге.
Ұлттық Банктің 30 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,66 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.