Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар аптаны 322 теңге деңгейінде аяқтады

Доллар аптаны 322 теңге деңгейінде аяқтады

Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 наурыздағы доллардың орташа бағамы 322,01 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 321,80 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322,25 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 322 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 6 млн 200 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 28.

Ақша айырбастау орындарында 3 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 323,15 теңгені құраған.

Похожие материалы