Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 322 теңгеден асты

Доллар бағамы 322 теңгеден асты

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 наурыздағы доллардың орташа бағамы 322,44 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 322,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322,58, сауданың аяқталуы кезінде 322,54 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 70 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 148.

Ақша айырбастау орындарында 2 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 324 теңгені құраған.

Похожие материалы