Экономика
Доллар бағамы 5,53 теңгеге арзандады
KASE-нің күндізгі сессиясы кезінде доллар курсы 307,12 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында жазылды.
Спот-нарық кезінде доллардың орташа бағамы 307,12 теңгені құрады. Шетел валютасына қатысты сауда көлемі - 163 050 мың доллар. Сессияның жабылуы кезінде АҚШ доллары 306,92/306,99 теңгеге дейін түсті.
Еске салайық, өткен аптада доллар бағамы 310,85 теңге болған еді. Ал 9 қараша күні таңғы сауда кезінде доллар 312,65 теңгеге қымбаттап, антирекорд орнатты.