Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы кешегі қалпын сақтап қалды

Доллар бағамы кешегі қалпын сақтап қалды

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 27 ақпандағы доллардың орташа бағамы 318,58 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 318 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 318,80, сауданың аяқталуы кезінде 318,62 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 45 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 127.

Ақша айырбастау орындарында 27 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 320,50 теңгені құраған.

Похожие материалы