Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 наурыздағы доллардың орташа бағамы 322,35 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 322,30 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 322,45, сауданың аяқталуы кезінде 322,30 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 7 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 26.
Ақша айырбастау орындарында 3 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 323,70 теңгені құраған.