
Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 сәуірдегі доллардың орташа бағамы 319,90 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 319,47 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 320,50, сауданың аяқталуы кезінде 319,60 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 53 млн 950 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 177.
Ақша айырбастау орындарында 4 сәуірдегі доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 321 теңгені құраған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025