Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы өз қалпын сақтап қалды

Доллар бағамы өз қалпын сақтап қалды

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 4 маусымдағы доллардың орташа бағамы 330,79 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,55 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 330,94 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330,90 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 34 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 61.

Ақша айырбастау орындарында 4 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 332 теңгені құраған.

Похожие материалы