Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы қайта көтерілді

Доллар бағамы қайта көтерілді

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 366,57 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (364,29 теңге / $1)  ұлттық валюта 2,28 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 365,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 367,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 366,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 31 млн 850 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 63.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 369 теңге, Алматыда – 370 теңге.

Похожие материалы