Алматы. 8 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,22 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (370,86 теңге / $1) ұлттық валюта 0,36 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372 теңге, жабылу курсы бір долларға 371,15 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 53 млн долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 109.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 372,5 теңге, Алматыда – 373 теңге.