Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 370,98 теңгені құрады. 19 желтоқсандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (372,95 теңге / $1) ұлттық валюта 1,97 теңгеге қымбаттады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,52 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372,52 теңге, жабылу курсы бір долларға 370,70 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 153 млн 200 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 308.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 373,2 теңге, Алматыда – 374 теңге.
Ұлттық Банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 372,49 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.