Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz – 2016 жылдың 25 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 336,09 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минимал курсы 335,50 теңгені құрады. Максимал курс — 336,39 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 336 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 77 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 159.
Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 336,24 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында 25 мамырдағы доллардың максимал курсы — 337 теңге (Алматы уақытымен - 15:30).
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





