2016 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 379,50 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайты хабарлайды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 378,50 теңгені құрады. Максималды курс — 380,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 379,50 теңге болды. Таңғертіңгілік сессияда сауда көлемі 124 млн 250 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 91. Алматы қаласындағы ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 381 теңгеден сатылуда. Ал 19 қаңтарға арналған доллардың ресми орташа бағамы — 374,31 теңге. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Фото: lada.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024